Облыс әкімінің Железин ауданындағы жұмыс сапары Веселая роща ауылынан басталды

Облыс әкімінің Железин ауданындағы жұмыс сапары Веселая роща ауылынан басталды

Ауылда мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында мәдениет үйін қайта құру жұмыстары басталды. Ал, маусым айына дейін 6 көшені жөндеу жоспарлануда, осылайша ауылдың 11 көшесінің 8-не асфальт төселетін болады.

Сондай-ақ, Асайын Байханов аудан тұрғындарынан ғимараттың суықтығы туралы көптеген шағымдар түскен мектепке барды. Оқушылардың ата-аналары мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуді және оқу орнын жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді сұрады.

Бұл мәселе мұқият зерделеніп, ауданда іске асырылып жатқан “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша барлық үнемделген қаражатты мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсау туралы шешім қабылданды. Мұнда жылумен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі жөнделіп, мектептің шатыры ауыстырылады.

Сонымен қатар, өңір басшысы бірнеше шаруа қожалықтарына барып, егіске дайындық жұмыстарымен танысты, облыстық тұрақтандыру қорының серіктесі болып табылатын жергілікті дүкенде, “Шабыт” шығармашылық үйінде және “Арман” спорт кешенінде болды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев