Облыстың бас сәулетшісі тағайындалды

Облыстың бас сәулетшісі тағайындалды

Бүгін аппараттық кеңесте облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Бақытжан Әлімғазинов тағайындалды.
Бақытжан Темірбекұлы 1985 жылы туған. С. Торайғыров атындағы ПМУ-і "сәулет" және "құрылыс"мамандықтары бойынша бітірген. 2019 жылы "құрылыс" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
2009-2012 жылдары Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулетшісі болып жұмыс істеді. 2012 жылы "ASTIMEX" ЖШС жобалау бөлімінің бастығы болды. 2012-2016 жылдары "UNI. Story Proekt» ЖШС директоры қызметін атқарды.
2016-2020 жылдары Павлодар қаласы, Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімдерін басқарды.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін "Engineering center LTD" ЖШС жобаларды бастау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев