Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Марат Ақтаев тағайындалды.
Марат Қамзаұлы 1974 жылы туған. 2006 жылы Инновациялық Еуразия Университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы ИнЕУ магистратурасын "мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы Май ауданының "Ақтай" ШҚ бухгалтері болып бастаған. 2006 жылдан 2013 жылға дейін "Цесна банк" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары - Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін басшысы болды.
2015 жылы Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2015-2019 жылдары Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2019-2021 жылдары Павлодар облысы Май ауданының әкімі қызметін атқарды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев