Облыстың ветеринария басқармасын Айдар Увалиев басқарады

Облыстың ветеринария басқармасын Айдар Увалиев басқарады

Облыс әкімінің өкімімен Айдар Увалиев ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Айдар Науқатұлы 1968 жылы туған. 1992 жылы Алматы зооветеринарлық институтын "ветеринария" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Бурабай совхозының ветеринар дәрігері болып бастаған.
1994-1997 жылдары Павлодар облысы Горький атындағы, Қарабидай кеңшарларының бас ветеринар дәрігері болды.
2001 жылдан 2013 жылға дейін Шарбақты ауданының аумақтық инспекциясының ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші, кейін бастығы, Шарбақты ауданының ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары Павлодар ауданының ветеринария бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" РММ Павлодар филиалының басшысы болып жұмыс істеді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев