

“Ertis Olimpyc” атына ие болған олимпиадалық бассейн барлық халықаралық стандарттарға сай келеді, сол себепті бұл жерде жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Көрермендер үшін 300 орындық трибуна мен кафетерий қарастырылған.
– Жүзу медальдері ең көп берілетін олимпиадалық спорт түрі болып табылады, – деді бассейннің ашылу салтанатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Біздің облыста 5000-нан астам адам жүзумен айналысады, ал 80 спортшы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді. Осы сияқты спорттық объектілер халықаралық аренада жоғары нәтижеге жетудің игі бастамасы болады деп сенемін.

«ГСУ «Курылыс» ЖШС жүзеге асырған жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрады. Басейннің құрылысы толықтай бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қаржыландырылды. Бұл жағынан ERG копрорациясы, KAZ Minerals компаниясы және «Павлодарэнерго» АҚ көмектесті.
– Мен 25 жыл бойы Павлодар облысында тұрамын және осында орын алып жатқан өзгерістер мені таң қалдырады,- деп атап өтті ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. Бұл бассейн еліміздің дамуының айқын көрінісі. Ел дамудың дұрыс бағытын ұстанатын болса, спорт міндетті түрде дамиды. Біздің компаниямыздың осы құрылысқа қатысқанына өте қуаныштымыз!

Лентаны кесу мен жаңа спорттық объектіні ашу құрметі жүзу секциясына бірінші жазылған 4 жас спортшыға берілді. Ашылу салтанатынан кейін бассейнде балалар-жасөспірімдер спорттық жүзу мектебінің спортшылары бірнеше рет жүзіп шықты.
