

Барлығы ЭМБ-лар үшін 28 грант қарастырылған. Сонымен қатар аймақ басшысы арнайы марапаттарды да табыстады. «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Екібастұз қалалық филиалының төрағасы Рымкеш Сламбекова Қазақстан халқы Ассамблеясының медалімен, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы – ҚХА-ның «Жомарт ана» төс белгісімен, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев Ассамблеяның «Бірлік» медалімен марапатталды.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзінде ел Президенті дамыған мемлекеттердің жаңғыртылуы біртұтас бірегейлік негізінде жүзеге асырылатынын ерекше айтып өтті, – деді Болат Бақауов. – Біз де осыған келдік. Сол себепті аймақты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлінеді.
