

Арнайы балалар үшін театрландырылған қойылым мен көңілді сайыстар ұйымдастырылды. Кейін түрлі кейіпкерлердің костюмдерін киіп алған ұлдар мен қыздар шыршаны айналып ән айтты.
– Қымбатты балалар, Жаңа жылда барлық армандарыңның орындалуына тілектеспін, – деп бейне ролик арқылы балаларды Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. – Дендерін сау болсын! Жаңа белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жете беріңдер! Шет тілдерін меңгеруге ұмтылыңдар! Ең бастысы – ата-аналарыңның, ұстаздарыңның, тәлімгерлеріңнің еңбектерін бағалай біліңдер!
Құттықтаудан кейін балаларға сыйлықтар табыс етілді. Пакеттерде балалар ноутбуктар, жұмсақ ойыншықтар мен кәмпиттерді тапты.

