ТЕРЕҢӨЛ АУДАНЫНДА ӘКІМ АУЫСТЫ

 ТЕРЕҢӨЛ АУДАНЫНДА ӘКІМ АУЫСТЫ

Жаңа басшыны аудан әкімдігіне облыс әкімі Болат Бакауов тағайындады. Шешім Президент әкімшілігі мен Тереңкөл ауданының мәслихатымен келісіліп қабылданған.

– Мемлекеттік басқару және аграрлық саясат мәселелерінде оның жан-жақты терең білімі мен біліктілігі, кәсібилігі, жұмысқа зор қабілеттілігі, жүктелген міндеттерді шешудегі оңтайлылығы  құзыреттілігі жоғары адам екенін растайды, – деп атап өтті облыс әкімі.

Болат Бакауов бірден тағайындалған жаңа әкімге міндеттер тізімін жүктеді. Облыс басшысының айтуынша, Песчаное балық тәлімбағына және Кашыр астық қабылдау кәсіпорынына инвесторларды тарту және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жұмыстарын күшейту қажет екен. Бұдан басқа ауданда суаруды дамыту және шағын және орта бизнеспен тығыз жұмыс жасау керектігі айтылды.

Ернұр Айткенов 1965 жылы туған, үш жоғары білімі бар. 1989 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Зоотехника» мамандығы бойынша, 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, 2016 жылы ИнЕУ-де магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Бірнеше жылдар бойы әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. 1997-1998 жылдар аралығында – Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1998-1999 жылдары – Железин ауданының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2006 жылдан 2014 жылға дейін – Май, Баянауыл аудандарының әкімі. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін – Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болған.