

Облыс басшысы аудандық әкімдікте жаңа әкімді тағайындау кезінде оның ізашары Александр Бабенкоға алғысын білдірді. Болат Бақауовтың айтуынша, төрт жыл бойы ол көптеген инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа өндірістік нысандардың ашылуына көп еңбек сіңірді.
– Жанат Шұғаев шағын және орта бизнесті басқаруда және агроөнеркәсіптік кешенде үлкен тәжірибеге ие маман. Бұл облыс орталығын азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында Павлодар ауданы үшін маңызды, – деді облыс әкімі. Оның тікелей басшылығымен мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар уақтылы және тиімді түрде жүзеге асырылады.

Облыс басшысы жаңа тағайындалған әкімге аудан бюджетін қайта қарауды, оны оңтайландыруды және экономикалық әлеуетті дамытуға бағыттауды тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа нысандарын енгізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерге көкөніс өнімдерін сатуға көмек ұсынуды жүктеді.
Жанат Шұғаев 1960 жылы туған. 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1983 жылы Маяк совхозында агроном ретінде бастаған. Содан кейін ол түрлі басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарды.

1991 жылдан 2003 жылға дейін – «Павлодар БАТТ» кіші кәсіпорнының бас директоры, «БATT Корпорациясының» өкілі, «Смирновский элеватор» АҚ директоры, «Қиялы Астық» ЖШС директоры. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП «Мамлютский мукомольный комбинат» ААҚ президенті. 2007 жылдан 2009 жылға дейін – «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС бас директоры. 2009-2013 жылдары – Железин және Ертіс аудандарының әкімі. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап Тереңкөл ауданының әкімі болған.