
Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізіп, қала мектептеріндегі жылу режимін тексерді.
Бұған дейін қабылданған шараларға қарамастан температураның төмендеуі байқалған мектептерде конвекторлық жылыту жүйелерін орнату туралы шешім қабылданған еді.
Өткен аптада Екібастұздың 13 білім беру мекемесінде, оның ішінде 9 мектеп, 2 колледж және бір жатақханада “Коузи” энергия үнемдейтін конвекторлық батареялары орнатылды. Бүгінгі таңда осы мекемелердің сыныптары мен басқа бөлмелеріндегі температура 23-25 градусқа дейін жетті. Оқу орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Өңір басшысы кеншілер қаласын жылумен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда ұстауды және Екібастұз ЖЭО-ың тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев