Облыс әкімі Асайын Байханов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірлік бөлігінің жүзеге асырылуын талқылады

Облыс әкімі Асайын  Байханов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы  Мәулен  Айманбетовпен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірлік бөлігінің жүзеге асырылуын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде 401 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектеп құрылыстарының бірыңғай тапсырыс берушісі ретінде белгіленді.

Үш жыл ішінде облыс орталығындағы «Достық», «Усолка», «Шығыс» және «Жастар» шағын аудандарында әрқайсысы 1200 орындық төрт жаңа мектеп салынады. Тағы үш мектепке - № 4, 22, 27 - 1200 орынға арналған жаңа корпустар салынады.
Бұл облыс орталығындағы 7000 оқушы орнының тапшылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа жайлы мектептердің негізгі ерекшелігі - бұл білім ордаларын бірыңғай стандарт бойынша жобалау және жабдықтау болып табылады. «Достық» шағын ауданындағы алғашқы мектептің құрылысы биыл басталады.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев