Облыс әкімдігінде шайбалы хоккейден әлем чемпиондары марапатталды

Облыс әкімдігінде шайбалы хоккейден әлем чемпиондары марапатталды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хоккейден әлем чемпионатының екінші дивизионының жеңімпаздары Кира Крухольская және Кристина Войцицкаямен кездесті.

18 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасының құрамында Екібастұздық тоғызыншы сынып оқушылары Болгария астанасы Софияда хоккейден өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қазақстандық команда бес кездесуде өте нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластар қақпасына 35 шайба салып, өз қақпаларына тек 5 шайба ғана жіберіп алды.

Облыс әкімі жас спортшыларды сәтті өнер көрсеткені үшін құттықтап, алғыс білдірді.

- Біз Екібастұздық жас спортшылардың ел намысын осындай жоғары деңгейде қорғап, чемпионаттың алтынын жеңіп, тамаша нәтиже көрсеткенін мақтан тұтамыз, - деп атап өтті өңір басшысы.

Кристина Войцицкаяны жаттықтырушы Антон Пекне 2012 жылдан бастап жаттықтырады. Ал, Кира Крухольская 2020 жылдан бастап жаттықтырушы Максим Куртуковта жаттығады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің атынан алғыс хатпен спортшы қыздардың ата-аналары мен жаттықтырушылары марапатталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев