
Павлодар облысында дәріханалар желісіндегі медициналық бетперделердің жетіспеушілігі мәселесін шешуді қолға алды. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конфеернциясында аймақ басшысының орынбасары Сәкен Шаяхметов жақын арада облыс бойынша тәулігіне 25-30 мың дана бетперде жасап шығарылатынын атап өтті.
Жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігіне байланысты әкімдік жергілікті тігін ательелері мен цехтарына медициналық бетперделер жасауды ұсынды. Бетперделердің пішін әзірлемелерін «Мерусар және К» ЖШС-і ұсынатын болады. Қазіріг кезде бұл кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың істен шығуына байланысты өндіріс көлемі біршама азайып қалды.
- Қазіргі кезде «Мерусар және К» ЖШС-не қажетті құрал-жабдықты жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, - Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов. – Кәсіпорын толық қуаттылық деңгейіне шыққанда біз тәулігіне 40 мың бетперде жасап шығаратын боламыз. Әзірше өзге кәсіпорындардың қолдауының арқасында тәулігіне кем дегенде 25-30 мың дана бетперде жасап шығаратын боламыз. Қазіргі кезде әр бетперденің бағасын 60-70 теңге көлемінде ұстап, бір адамға 5-10бетпердеден артық сатпау туралы алдын ала келісімдер бар.
Бұған дейін салмағы бір тоннадан артық жүкке арналған үлкен қаптар тігетін «Нефтехим LTD» ЖШС-і бетперде тігуге көшті.
- Қазіргі кезді біз әзірлемелердің алғашқы партиясын алып, бетперде тігуге кірістік, - дейді тігін учаскесінің шебері Жанар Диярова. – Бұл жұмыспен тәулігіне әрқайсысы 20 адамнан құрылған төрт ауысыммен жұмыс істейтін тігіншілер тобы айналысады. Әр тігінші бір ауысымда 800 бетперде тігіп шығарады деп жоспарланып отыр.
Соынмен бірге, өңірде антисепткитер жетіспеушілігін шешуге тарысып жатыр. Сәкен Шаяхметов «Павлодар» аранйы экономикалық аймағында антисептиктер жасап шығаратын «Бо-На» ЖШС-і жұмыс істейтінін еске салды. Қазіргі кезде кәсіпорын басшылығымен өндірілген дезинфекциялық құралдарды алдымен өңірдегі сауда нүктелеріне жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.