
“Үздік тәжірибелер орталығы” жобасы – алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын қайта форматтаудың жаңа құралы, оның мақсаты емханаларға жүгінетін халық ағынын реттеу арқылы дәрігерлерге, учаскелік қызметтерге және тіркеу кеңсесіне түсетін жүктемені азайту. Бүгінгі таңда жоба Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы 8 емханада іске асырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Осылайша, мейірбикелік бекет пен онлайн кеңестерді енгізу учаскелік қызметтің жұмысын қайта форматтауға мүмкіндік беріп, жүктемесін 32%-ға азайтты.
Асайын Байханов емханаларға барғаннан кейін медициналық мекемелердің басшыларымен кеңес өткізіп, әрбір ем алушыға сапалы қызмет көрсетудің басымдығын белгіледі.
Денсаулық сақтау басқармасына емханаларды одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлар тапшылығын шешу, оның ішінде “аса қажет” мамандарды жұмысқа алу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, бас дәрігерлерге шағын аудандардың тұрғындары үшін “қадамдық” қолжетімділікте орталықтар ашу мәселесін пысықтау тапсырылды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев