
Облыстық әкімдікте өткен жиналыста жаңа басшыны аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды.

– Сіздің мәдениет және өнер саласындағы үлкен тәжірибеңіз бар, сондықтан алдағы жұмысыңыздағы басты міндет мәдениет саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асырып, облыстың мәдени әлеуетін арттыру болып табылады, – деді ол. – Өңірдегі барлық тарих және мәдениет ескерткіштерінің инвентаризациясын жүргізіп, оларды балансқа қою қажет. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту да аса маңызды. Сонымен бірге, шет елдердегі отандастарымызбен мәдени байланысты кеңейту керек.
Бахыт Әнисова 1978 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі және «Режиссура» мамандығы бойынша өнертану ғылымдары магистрінің дәрежесі бар. Жалпы еңбек өтілі 18 жылдан астам. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «АРТ Студио Астана» ЖШС-ің атқарушы директоры болып қызмет етті.