
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында мұнай өнімдері мен химиялық реагенттерге арналған қоспаларды өндіру зауытын салу жоспарланып отыр. Мұндай мүмкіндікті итальяндық Chimec корпорациясының өкілдері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен талқылады.
Бизнесмендердің аймақ басшылығымен кездесуі облыс әкімдігінде өтті. Chimec S.p.A. аймақтық менеджері Альда Спинью айтып кеткендей, құрылыс жұмыстары жазда басталмақ, ал жылдың соңына қарай зауытты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрайтын жоба қазақстандық «ҚазМұнайХим» ЖШС компаниясымен бірге жүзеге асырылатын болады.
– «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының негізінде жүзеге асырылып жатқан барлық жобаларды басынан бастап өз бақылауымда ұстап келемін, – деді келген қонақтарға облыс әкімі. – Сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, сіздермен бірге тығыз жұмыс жасайтын боламыз.

Chimec S.p.A. – итальянский гигант, одна из самых крупных компаний по производству химических реагентов, имеющая более 50 подразделений по всему миру.
Chimec S.p.A. – итальяндық гигант, дүние жүзінде 50-ден астам бөлімшесі бар химиялық реагенттерді өндірумен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі.
Суретті түсірген – Валерий Бугаев
