
.
Қонақтарды жайлы қарсы алған Наум Шафер осыдан 70 жыл бұрын жазылған Күләш Байсейітованың орындауындағы әндер жазылған винил күйтабақтарын тыңдауды ұсынды. Ерекше музейдің авторы жеке топтамасында өте көп музыкалық шығармалардың бар екенін айтты. Соның ішіндегі кейбіреулері тіпті жалғыз данада сақталған.
– Мен жинастырған шығармалардың барлығы Қазақстанға тиесілі, – деді Наум Шафер. – Қазақ өнерінің үлкен қорын сақтап қалғаныма қуаныштымын.

Сондай-ақ граммофондық күйтабақтардың иесі өз кітапханасы бойынша экскурсия ұйымдастырды. Наум Шафердің айтуынша, оның кітапханасындағы ең көне кітап – осыдан 150 жыл жыл бұрын жарық көрген драматург Александр Островскийдің шығармалар жинағы. Сонымен қатар кітапхана иесі өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары баспаға шыққан газет тігілмелерін көрсетті. Кейін аймақ басшысы соңғы күндері Шафер музей-үйіне қатысты болып жатқан жағдай бойынша комментарий берді.
– Шағын бірнеше музейді бір музейге біріктіру туралы ұсыныстар көп түсті. Бірақ Шафер музей-үйінің статусы өзгеріссіз қалады, – деді аймақ басшысы. – Біз бұл жағдайды әр қырынан қарастырып, осы музейдің жеке статусында қала бергенін дұрыс деп санадық. Осы мәселені реттеу бойынша тапсырма Мәдениет бақармасының басшысына берілді.
