
Облыстық әкімдікте ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің берген тапсырмаларын орындауға кірісті.
Өз орынбасарларымен өткен жұмыс кездесуінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің барлық ұйымдары мен объектілерінде санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыстарды күшейту, дәріханаларда медициналық маскалар мен антисептикалық құралдардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жөніндегі шаралар кешенін және төтенше жағдай кезінде облыста тұрақты жағдайды сақтауға бағытталған басқа да шараларды талқылады. Атап айтқанда, Әбілқайыр Сқақов азық-түлік бағасын қадағалау үшін мониторинг топтарын құруды және оған жұртшылық өкілдерін қосуды тапсырды.
– Адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу қажет, – деді өңір басшысы. – Мүмкін болса, қызметкерлерді ақылы демалысқа жіберу керек, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушыларының шынымен де онлайн оқуын бақылау керек. Халыққа жаңа жағдайда гигиена ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажет. Бұл жағдайда бізде облыстың әрбір тұрғынының денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік болуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері коронавирус қаупі жағдайында жеке қарым-қатынасты азайту мақсатында электрондық құжат айналымына көшеді. Осындай мүмкіндігі бар ұйымдар да оnline режиміне ауысады.