
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын абаттандыру мәселелері бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдайтын бірыңғай байланыс орталығында болып қайтты. Өңір басшысына баяндалғандай, соңғы екі күнде мұнда 300-ден астам өтініш түскен. Олардың үштен бірі бойынша жұмыстар орындалып та қойған.
– Қалған өтініштердің басым бөлігін біз бүгін кешке жабуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, кешеден бастап Ворушин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары бізге бірнеше рет қоңырау шалып, аулаларындағы еріген суды сорғымен тартып алуды сұраған. Біз бұл өтінімді қалалық «Коммунсервис» қызметіне бердік, және ол мәселе бүгін шешілді. Жалпы, қазір қар шығаруды немесе суды сорғымен тартып алуды сұраған жеке сектордағы жұмыс өте көп, – деді 109 бірыңғай байланыс орталығының басшысы Абзал Қабдраш.
Әбілқайыр Сқақов осыдан бір ай бұрын тұрғындар алдында есеп беру кездесуі кезінде абаттандыру және ТКШ бойынша өтініштер келіп түсетін және олардың мазмұны мен қабылданатын шаралар бойынша сапалы талдау жүргізілетін бірыңғай орталықты іске қосуды тапсырған болатын. 109 бірыңғай байланыс-орталығының іске қосылуы кеше ресми түрде жарияланды, бұған дейін – 1 наурыздан орталық пилоттық режимде жұмыс істеді.
109 операторлары тәулік бойы жұмыс істейді және әрбір өтінішті жеке қарайды. Олар құзыретті қызметтермен тікелей байланысады және коммуналдық ұйымдар жұмысының сапасын бақылау үшін оны жөнелтушімен хабарласып, әрбір өтінім бойынша орындаудың барлық кезеңдерін қадағалап отырады. Павлодарлықтар өз бағаларын @pavlodar_109_user_bot Telegram-боты арқылы қоя алады.
– Тұрғындардың өздері коммуналдық қызметтердің жұмысын бағалай алуы өте маңызды, – деп атап өтті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. – Бізге келіп түскен барлық өтініштердің басым бөлігі ТКШ проблемаларымен байланысты. Біздің міндетіміз-барлық қызметтердің өзара іс-қимылын дұрыс құру және халықтың өзекті сұрақтарына түсінікті түрде жауап беру. Сонымен қатар, Бірыңғай байланыс орталығы-қаладағы ең проблемалы учаскелерге талдау жүргізу және қызмет пен ПИК – тің жылу беру маусымына дайындығын тексеру үшін өте жақсы құрал.
Мұндай талдау 109 бірыңғай байланыс орталығында жүргізіледі. Орталықтың халықпен, сондай-ақ коммуналдық қызметтермен тұрақты өзара әрекеттестікте жүрген мамандары қаланың абаттандыру және ТКШ саласындағы жұмыс мәселелері бойынша объективті талдау ақпаратын қалыптастырады.
Екі-үш ай ішінде Екібастұз және Ақсу қалаларында, ал одан кейін облыстың барлық аудандарында 109 қызметі іске қосылатын болады.