
Бүгін Баянауылда аудан активінің жиыны өтіп, онда Асайын Байханов ауданның жаңа әкімін таныстырды.
Облыс әкімі Серік Батырғожиновке Баянауыл ауданының әкімі лауазымындағы жұмысы үшін алғысын білдірді. Бұдан кейін өңір басшысы Асайын Байханов жаңа басшыны таныстырды. Ол Ардақ Ксентаевқа жұмыста табыс тілеп, оның алдындағы басты міндеттерді белгіледі. Жаңа аудан әкімі елді мекендерді сумен жабдықтау бойынша жобаларды жалғастырып, жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды жөндеуге назар аударып, жаңа туристік маусымға дайындықты бастауы тиіс. Өңір басшысы бұл жұмыстардың бағасын тұрғындар беруі тиіс екенін, ол үшін аудан тұрғындарымен тұрақты және тиімді диалог орнату қажеттігін атап өтті.
Ардақ Ксентаев 1981 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сәтбаев атындағы ауылда дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2005 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бастаған. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2011-2022 жылдары "Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (жетекші маман, бас маман, ауылдық округ әкімі).
2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев