
Асайын Байханов бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауданның даму мәселелері бойынша кеңес өткізді
Шарбақты ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жергілікті тұрғындар баскетбол, волейбол, күрес секцияларына барып, денсаулықтарын шынықтырады. Сонымен қатар, мұнда спорт және аэробика залдары мен бассейн бар. Спортпен толыққанды шұғылдану үшін ғимаратқа күрделі жөндеу (линолеумды, терезелерді, жарықтандыруды, жылыту және желдету жүйелерін ауыстыру) және материалдық жабдықтау қажет. Өңір басшысы қажетті құжаттаманы дайындап, жобаны бюджеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырды.
Жұмыс сапарын жалғастыра отырып, Асайын Байханов жүзден астам бала білім алатын аудан орталығының музыка мектебінің қызметімен танысты. Мектеп ғимаратының аумағы 235 шаршы метрді құрайды, мұнда оқу орнынан бөлек ХҚКО орналасқан. Өкінішке қарай музыка мектепбінде білім алғысы келетін балалардың саны көп болғанымен ғимаратты кеңейту мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі таңда ауданда жалпы сомасы 110 млн теңгеге балалар өнер мектебін орналастыру үшін бос әкімшілік ғимаратты қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аймақ басшысы бұл жобаны қайта қарауға ұсынуды тапсырды, содан кейін тиісті шешім қабылданатын болады.
Облыс әкімі аралаған тағы бір нысан - жеке инвестор 18 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөндеуден өткізген бұрынғы СЭС-ың ғимараты болды. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, оның шатыры, терезелері мен есіктері, едені ауыстырылды, жаңа қазандық салынды, жергілікті әкімдік осы үйді мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға кезегінде тұрған азаматтарға ұсыну үшін сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінде ауданда кезекте тұрған 220 адам бар. Асайын Байханов бұл тұрғын үйді сатып алмас бұрын, халық тарапынан шағымдар мен наразылықтар болмас үшін қайта жаңартылған тұрғын үйдің сапасын мұқият тексеру қажет екенін атап өтті.
Аудан басшылығымен өткен кеңесте облыс әкімі шешуді талап ететін аса маңызды мәселелердің бірі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Асайын Байханов аудан әкіміне Малиновка, Сынтас және Сахновка ауылдарындағы су құбырларының құрылысын бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы жолдарды жөндеу мен медициналық пункттердің жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды.
-Галкино-Жаңаауыл-Алексеевка автожолы мен Сахновка ауылының кіре беріс жолын жөндеуді қамтамасыз ету қажет. «Ауыл - ел бесігі» жобаларының іске асырылуын мониторингке алуды тапсырамын. Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Арбиген ауылында медициналық пункт салуды бастау, Шегірен ауылындағыв медициналық пунктке жөндеу жүргізу қажет. Аудан әкіміне осы мәселелерді жеке бақылауға алуды тапсырамын, - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ, облыс әкімі бүгінгі күні тұрақсыз сигнал байқалатын және мобильді интернеті жоқ аудан ауылдарында байланысты жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Ауданның білім беру мекемелерінде де өзгерістер орын алады.
- Облыстың білім басқармасының басшысына 1 ақпанға дейін білім беру объектілерінің жай-күйін тексеруіп, басымдықтарды айқындауды және бюджеттік комиссияның қарауына тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді өңір басшысы.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті