
Кеңес барысында «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының қорытындысы мен Павлодар облысындағы тілдерді дамыту тұжырымдамасы талқыланды.
Облыс әкімдігінде өткен кеңеске қала және аудан әкімдері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Гүлнәр Жармакинаның айтуынша, қазіргі кезде өңірде 2617 дәрігер мен 6603 орта медицина қызметкерлері бар. Өткен жылы Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 205 жас маман келді. Оларды қолдау үшін 214 миллион теңге қажет. Алайда өңірге әлі де 63 медицина қызметкері жетіспейді: 40 маман және 23 жалпы практика дәрігері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша өткен жылы қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 4,4% – ға төмендеді, ал туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 4% – ға төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 9,85-ті құрады. Бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 1,2%-ға артық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл көрсеткіштерді төмендетуге қол жеткізу үшін халықты кең ауқымды скринингтен өткізу қажет. Алайда, бүгінде аймақ тұрғындары дәрігерлердің түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлерді бір күнге босатуға шақырған өтініштеріне қарамастан қажетті тексеруден сирек өтеді.
– Кез келген басшы өзі басқаартын кәсіпорынның қызметкерлерінің денсаулығына алаңдап, оларды жылына кем дегенде бір рет, ал ең дұрысы жарты жылда бір рет тексеруге жіберуі тиіс, – деді Павлодар облысының әкімі. – Барлық бюджеттік ұйымдардың басшыларына олардың қызметкерлерінің қажетті профилактикалық медициналық тексеруден өткеніне талдау жасауды тапсырамын. Кейін басқа секторларда да осындай талдау жасау керек. Менің ойымша, бұл мәселе басшылардың қызметкерлерді тексеруге жібермеу ниетінен гөрі өзара іс-қимылдың болмауы болып табылады. Түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз.
Сондай-ақ, отырыс барысында Павлодар облысындағы тілдерді дамыту мәселелері талқыланды. Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов тілдерді дамыту жөніндегі 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерін ортаға салды. Оның қорытындысы бойынша өңір халқының 87,1% – ы мемлекеттік тілді, 24,3% – ы ағылшын тілін, ал 22,2% – ы-үш тілді меңгерген. Соңғы үш жылда Павлодар облысының 35 мыңнан астам тұрғыны қазақ тілі курстарынан өтті, 37 мыңға жуық адам ағылшын тілін оқыды. Қазіргі таңлда өңірде 155 балабақша жұмыс істейді: оның 54 – і мемлекеттік тілде, екеуі – орыс тілінде тәрбие береді, ал 99-ы аралас. 357 мектептің 138-і қазақ тілінде, 57 – і орыс тілінде білім береді, 162 – і аралас.
– Тілді білмей болашақ болмайды, сондықтан біз тілдерді үйренуге жағдай жасауымыз керек, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Мемлекеттік қызметте барлық жерде мемлекеттік тілді пайдалануға тиіс. Оған қоса, қалалар мен аудандарда өткізілетін арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажет.
Павлодар облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысына қатысушылар Гүлнәр Жармакина мен Ернұр Дәуеновтың есептерін мақұлдады, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағдарламасын және тілдерді дамыту тұжырымдамасын қабылдады.