
Жаңа басшыны таныстырған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов оған маңызды міндеттер жүктеп, жұмысына табыс тіледі.
Нұрлан Сәдібеков 1983 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын «Вахтель және К» ӨК-де бастады.
Мемлекеттік қызмет өтілі – 10 жылдан астам. 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы басқармасында сарапшы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің инвестициялық жобалар басқармасында бас сарапшы, бірінші деңгейдегі еңбек ақы төленетін сарапшы болып қызмет етті.
2014 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылдың қараша айына дейін Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар ауданы әкімінің ауыл бойынша орынбасары болды.