
Павлодар облысының әкімі облыс орталығы, Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімдерін қабылдады. Шаһар басшылары қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Ақсу қаласындағы инвестициялық жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі. Қала әкімі Балғабай Ыбыраевтың айтуынша қала мен оның ауылдық аймағында 60 және 1200 бас қара малға арналған екі сүтті-тауарлы ферма, 10 мың басқа арналған құс фермасын және үш көкөніс қоймасын іске қосу жоспарланып отыр. Осы жобалар бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 7 млрд теңгеден астам соманы құрайды.
Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов 2020 жылы кеншілер қаласында алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын айтты. Олардың ең ірісі – инвестициялар көлемі 10 млрд теңгені құрайтын қызанақтар өсіретін жылыжай кешені. Осы жобаның арқасында 450 жаңа жұмыс орындары құрылады. Сонымен бірге, қалада наубайхана салынып, Құдайкөл мен Тай ауылдарында үш ет фермасы, Қоянды ауылында ет-сүт фермасы іске қосылады. Осы алты жобаға 345 млн теңге инвестициялар тартылады.
Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша облыс орталығында 32 инвестициялық жобаны жүзеге асырылады. Олардың ішінде – жеңіл құймалы көлік дискілерін сырлау жобасы (5 млрд теңге), мұнай қалдықтарын өңдеу жобасы (1,2 млрд теңге), өнеркәсіптік белсендірілген көмір өндірісі (1 млрд теңге) және басқалары бар. Жалпы алғанда қаланың негізгі капиталына кем дегенде 148 млрд теңге инвестициялар құйылады.
Барлық әкімдердің есебін тыңдаған Әбілқайыр Сқақов қалаларда инвестицияларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
- Сіздер қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен әріптестік орнатып, жаңа инвесторларды іздеулеріңіз қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов әр қаланың әкіміне. – Бізге жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі инвестициялық жобалар қажет.
Кездесулердің соңында аймақ басшысы әкімдерге нақты тапсырмалар берді.