
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлттық мейрам – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
32 жыл бұрын Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданған еді. Аталмыш құжатты қабылдау арқылы еліміз тәуелсіздікке алғашқы қадам басты. Еліміз жаңа мемлекет болып, бүгінде Әділетті Қазақстанға айналды. 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың шекарасын белгілеп, Конституциямыз бен заңдарымызды айқындадық.
Ұлттық құрылтай отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мейрам мәртебесін қайтарды.
Біз бұл мерекені төл тарихымызды қадірлеп, мәдениет пен экономика, ғылым мен руханияттағы жетістіктерімізбен мақтан тұтып, болашаққа нық сенімде қарсы алудамыз.
Бүгінде Павлодар облысы Қазақстанның өндірісі ең дамыған өңірлері қатарына енеді. 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталуда, экономиканың барлық негізгі салаларында да өсім байқалады.
Әрине, өңір тұрғындарынсыз мұндай жетістіктер мүмкін болмас еді. Өз ісінің мамандары еңбегінің арқасында Павлодар облысы инвестициялық жағынан алдынғы қатарлы өңірге айналды.
Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық пен құт-береке, еңбектеріңізге табыс және мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін. Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қол жеткізген жетістіктеріміз арта түссін.
Павлодар облысының әкімі
Әбілқайыр Сқақов