Аймақ басшысы Ғалымбек Жұматов пен Өсербай Шорановты мерейтойларымен құттықтады

Аймақ басшысы Ғалымбек Жұматов пен Өсербай Шорановты мерейтойларымен құттықтады

Өткен күндері өңіріміздің белгілі қайраткерлері 70 жас мерейтойларын атап өтті. Әбілқайыр Сқақов суретші Өсербай Шоранов және ақын-жазушы Ғалымбек Жұматовпен кездесті.

Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі өскелең ұрпаққа аса бай шығармашылық мұрасын қалдыру мақсатында еңбек етіп жатқан өнер қайраткерлерінің үлесін ерекше атап өтті.

- Сіздің шығармаларыңыз халқымыздың тарихын көрсетеді. Өміріңізді өнерге арнай отырып, Павлодар-Ертіс өңірінің мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосып келесіз. Туындыларыңызбен тамсанған жанкүйерлеріңіз өздеріне жаңа көкжиектерді ашып, олардан өмірдік қуат көзін таба берсін. Өз атымнан, өңірдің жұртшылығы атынан Сіздерді мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын, – деді өңір басшысы.

Ғалымбек Жұматов – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Арман қанатында», «Трактор қалай жасайды?», «Ала көжек», «Жалғас - жауынгердің баласы», «Кең ауылы үйденбіз» және т.б кітаптардың авторы.

Өсербай Шуранов – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1978 жылдан бастап оның шығармашылық жұмыстары облыстық, республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге қойылды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев