Әбілқайыр Сқақов облыстың шалғайдағы ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Әбілқайыр Сқақов облыстың шалғайдағы ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Ауылдықтар өздері тұратын елді мекендерді абаттандыру бойынша ұсыныстар жолдады. Май ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен танысты.

1981 жылы салынған Ақшиман негізгі мектебінің бас ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. «Мектептер модернизациясы» бағдарламасы бойынша спортзал, кабинеттер, мәжіліс залы жаңартылып, әйнектер ауыстырылды және 22 жаңа компьютер сатып алынды. Жоба құны 90 млн теңге. Мектеп директоры Салтанат Егінбаеваның сөзіне қарағанда, мұндай ауқымды жөндеу мектептің негізі қаланған бері жасалмаған.

Мектеп контингенті 49 оқушыдан тұрады. 20 бала тәрбиеленетін мини-орталық жұмыс істейді. Ғимараттың екінші және үшінші қабаттарындағы жөндеу жұмыстарынан кейін жылу қосылды, - деді мектеп директоры.

Әбілқайыр Сқақов ауданның жылыту маусымына әзірлігін білді. Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин сендіргендей, шалғайдағы ауылдарға көмірді жеткізу жұмысы жалғасуда. Оны 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.

Қарбалас жағдайға жол бермеу керек. Егер 352 ауыл бір уақытта көмірге тапсырыс берсе, мәселе ушығуы мүмкін, - деді өңір басшысы. – Сондықтан тұрақты түрде ақпараттық жұмысты жалғастыру керек және қысқа мерзім ішінде ауылдарды қатты отынмен қамтамасыз етуді аяқтау қажет.

Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Ақшиман ауылының тұрғындармен кездесті. Олардың сөзінше, жергілікті жерде істейтін жедел жәрдем машинасы ескірді, есесіне тұрғындарға маршруттық автобус қажет. Сонымен бірге, жүздесу кезінде «Қалмаққырған» саябағының құрылысы жобасының дамуы талқыланды. Тұрғындарға барлық өтініш-тілектерін жинап, аудан әкіміне жолдау ұсынылды. Әбілқайыр Сқақов сөз болған мәселелердің шешу жолдарын іздестіруді міндеттеді.

Бірінші кезекте, шалғайдағы ауылдарды заманауи жедел жәрдем машиналарымен қамсыздандыру керек. Осыған дейін де мұндай тапсырма берген едім, - деді облыс әкімі. – Әлеуметтік маңызға ие маршруттарды субсидиялауға дайынбыз, алайда автопаркты жаңарту тасымалдаушылардың мойнындағы іс.

Мал шаруашылығы Май ауданында кең таралған. Облыс әкімі жергілікті жылқы шаруашылығымен айналысатын қожалықтар өкілдерімен кездесіп, олардың өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Айталық, шаруа қожалықтарының басшыларын шалғайдағы фермаларды электр желілеріне қосу, босалқы жерлерді айналымға енгізу және басқа сауалдар толғандырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев