


Бірінші кездесу кезінде аймақ басшысы «Agco Corporation» компаниясының топ-менеджерлерімен келіссөздер жүргізді. Америкалық корпорация әлемдегі ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Компания Қазақстан аумағында шошқа етін өңдеумен айналысатын кәсіпорын ашуға ниет білдіріп отыр. Сонымен бірге, шетелдік инвесторлар суармалы егіншілікпен айналысуға да қызығушылық танытты. AGCO GSI компаниясының вице-президенті Томас Велкенің айтуынша жоспарланған жобаларды жүзеге асыру үшін металл құбырлары мен металл құрамаларының ірі көлемі қажет. Павлодар облысының әкімі өз кезегінде облыста бірнеше кәсіпорын осындай құбырлар жасап шығаратынын айтты. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақта металлды мырышпен қаптайтын кәсіпорынның құрылысы басталып жатыр.
– Біз жаңа зауыттың өнімдерін тұтынатын кәсіпорындар іздеп жатқан едік, – деді Болат Бақауов. – Сіздер міндетті түрде Павлодарға келіп, мұнай өңдеу кәсіпорындарына қажетті құбырлар жасап шығаратын кәсіпорындарды аралап көрулеріңіз керек. Сіздер компанияларыңызға қажетті өнімді өздеріңіз шығара аласыздар, ал біз оның өндірісіне қажетті модульдік жай салып береміз.


Пәкістандық «Habib Syndicate» компаниясының өкілі Рао Халид Махмуд олар үшін Қазақстан Пәкістан мен Қытай арасындағы сауда дәлізінің құрылысын салуға ыңғайлы екендігін айтты. Корпорацияның екі бірдей еншілес ұйымы – логистикалық және тыңайтқышатр өндіретін компаниялардың өз мүдделері бар. Сонымен қатар, аймақ басшысы оларға Павлодар облысындағы химиялық кластердің даму мүмкіндіктерінің тұсаукесерін жасағаннан кейін пәкістандықтар көмір химиясы мен кальций қосылған сода жобаларына қызығушылық танытты. Қос тарап пәкістандық кәсіпкерлер екі жоба бойынша өз ұсыныстарын әзірлеп, ал, аймақ билігі Қазақстанның аталған өнімге деген сұранысы туралы деректерді беру туралы шешім қабылдап тарқасты.

Сонымен бірге, аймақ басшысы суармалы егіншілікпен айналысқысы келетін американдық «Valmount» компаниясының және Павлодар облысында кремний зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыруға құлықты БАӘ-ің «Canarax» компаниясының өкілдерімен кездесті.