Ректорлар тоғысқан сәт

 Ректорлар тоғысқан сәт

Мәртебелі қонақтар ең алдымен студенттер мен оқытушылардың инновациялық жобаларымен танысып, университет қабырғасындағы старт-ап академияны аралап көрді. Көрмеде жиырмадан астам жобаның таныстырылымы өтті. Олардың бірі – студент Александр Нефтисов пен оның командасы жасап шығарған «TOR» электробайкі. Аталмыш байк экологиялық таза технологиямен жұмыс істейді, яғни, ол ауаны ластамайды әрі қатты шу шығармайды.

Бұдан кейін Ректорлар кеңесінің «Кәсіпкерлік ЖОО» тақырыбындағы пленарлық отырысы өтті. 

– Павлодар облысы аса өзекті тақырыптар көтеріліп, ғылым мен білім саласындағы маңызды мәселелер  талқыланатын диалогтық алаңға айналды, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Мұндай шараларды жиі өткізіп тұру қажет.

– Ресей үшін де, Қазақстан үшін де кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту аса маңызды мәселе болып табылады,- деді Омбы мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Анатолий Косых. – Жастарды кәсіпкерлік негіздеріне сауатты оқыту қажет, ол үшін біздің университетте бірнеше бағытты қамтитын ірі ғылыми-техникалық, инновациялық бөлімшелер құрылып, тұтынушылармен тығыз байланыс орнатылады.

Отырыс соңында Ректорлар кеңесінің қатысушылары академик Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдық мерейтойына орай Естай атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты кештің мәртебелі қонаақтары ретінде «Қаныш ұнатып айтқан әндер» концертін тамашалады.