Павлодар облысының әкімі «Жастар рухы» ЖҚ-ың белсенділерімен кездесті

Павлодар облысының әкімі «Жастар рухы» ЖҚ-ың белсенділерімен кездесті

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың «АМАNАТ»  партиясының жастар қанатының көшбасшыларымен кездесуі облыстық әкімдікте өтті.

11-14 шілде аралығында Ақмола облысында «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезді өткен еді. Іс-шара шеңберінде жастар қанатын қайта құрудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы өзгертіліп,  «Jas Otan» жастар ұйымының атауы «Жастар рухы» деп ауыстырылды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов павлодарлық делегаттардың съездегі белсенділігін атап өтті.  

«Съезде еліміздің жастарына нақты міндеттер жүктелді. Жаңа Қазақстанды құру үшін бәріміз көп еңбек етуіміз керек. Жастар - еліміздің болашағы,  Отанымыздың көркеюі олардың белсенділігіне тікелей байланысты», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Съезд делегаты, «trioAdai» тобының солисті Дастан Сайлаубаев жастардың атынан осы мақсатқа қол жеткізу үшін бар күштерін жұмсауға уәде берді.

«Съезде бәріміз дерлік Жаңа Қазақстан туралы сөйледік. Біз Қазақстанның және Павлодардың даңқы бүкіл әлемге жайылуы үшін барлық күшімізді жұмсаймыз», - деді Дастан Сайлаубаев.

 «AMANAT» партиясының облыстық филиалының жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ-ың төрайымы Санира Жүсіпова Павлодар облысының атынан қатысқан 12 делегат осы форумның үздік қатысушылары болғанын айтты.

Кездесу соңында аймақ басшысы өскелең ұрпақтың арасында адал еңбек идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев