
Қала күніне орай Павлодарда жиырмаға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Мереке танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен орталық жағалауда гала-концертпен түйінделді.
Қазақстандық эстрада жұлдыздары павлодарлықтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Павлодар – менің сүйікті қалам» концертінің басты қонақтары Ерке Есмахан, Әміре, Алина Герц және «Формат» тобы болды. Сондай-ақ, «Ertis Promenade» сахнасында И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әртістері және өңірдің басқа да шығармашылық ұжымдары ән салды.
Облыс әкімі тұрғындарды өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында құттықтап, табыс пен мықты денсаулық тіледі.
«Қаламыздың ерекше тартылыс күші бар. Павлодарда Ертістің буырқанған сулары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығы, көлік ағындары және адамдардың қажыр-қайраты мен мейірімділігі үйлесім тауып отыр. Қала күні құтты болсын», - деп жазды Әбілқайыр Сқақов.
Қала күніне мерекелеу шеңберінде 20 мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстар мен көрмелер өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев