Ақтоғай ауданы әкімінің өкілеттік мерзімі ұзартылды

Ақтоғай ауданы әкімінің өкілеттік мерзімі ұзартылды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арыновтың өкілеттігін 2024 жылдың 11 шілдесіне дейін ұзартты.

Шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 12-тармағына, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына сәйкес қабылданды.

Қаршыға Арыновтың екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1988 жылы бастаған, 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 1997 жылдан 2018 жылға дейін мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдың шілде айынан бастап Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев