
Қадірлі жерлестер!
Құрметті мұсылмандар!
Сіздерді киелі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт мейрамы - ізгілік пен қайырымдылықтың бастауына айналған ұлық мереке.
Қасиетті ислам дінінде құрбандық шалу - мұсылмандықтың бес парызының бірі ретінде белгіленген. Бұл мейрамда ізгі істер істеп, жақсылық жасау арқылы жақындарына қамқор болып, жомарттыққа ұмтылудың шынайы көрінісін байқауға болады.
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созудан адамның бойындағы парасаттылық пен мейірбандықтың белгісін байқауға болады. Осы күні тілеген дұғалар қабыл болып, жасаған ізгі амалдарымыз еселене түссін.
Құрметі жерлестер!
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, игі істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Ізгі тілекпен,
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов