
Металлургтер қаласында жаңа қазандық тексеріліп, мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, тоғыз қабатты үй салынып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысының Ақсу қаласына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Облыс әкімі қаладағы құрылыс және іске қосу жұмыстарының барысын тексерді. Жаңа жылыту қазандығында жабдықтарды сынау жұмыстар ыжүріп жатыр. «Ақсу-Жылу сервисі» КМК-ың жылу учаскесінің бастығы Дүйсенбай Дүйсенов қазандықтағы алғашқы от жағу шілде айының ортасында аяқталған соң, тұрғын үйлерді желілерге қосуға кірісетінін хабарлады. Әбілқайыр Сқақов жұмыстарды дер кезінде аяқталуына күмәнданып, нысанды пайдалануға берудің нақты мерзімдерін анықтауды тапсырды.
- Алғашқы от жағу, жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстарының аяқталуы, қоғамдық тыңдауларда тарифті талқылау, жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін анықтау сияқты нақты мерзімдерді белгілеу қажет, - деді өңір басшысы. Ол Ақсу ферроқорытпа зауытының қазандығы мен жаңа қазандықтың қызмет көрсету аймақтарын анықтауды тапсырды.
№4 орта мектепте ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мектеп директоры Шолпан Кариева мердігерлер терезелерді, есіктерді, желдеткіш, су құбырлары және жылыту жүйелерін ауыстыруы тиіс екенін айтты. Мектеп аумағында жаңа шағын футбол алаңы мен спорттық тренажерлер аймағы салынды.
Өңір басшысы облыста білім беру нысандарында бұған дейін жүргізілген жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескерілгенін атап өтті.
- Каникул кезінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қиын, - деді облыс әкімі. - Сондықтан біз алдын ала мемлекеттік сатып алуларды өткізіп, жаңа оқу жылының басында жөндеуді аяқтап үлгеру үшін мердігерлерді белгілейміз.
Әбілқайыр Сқақов жұмыстардың сапасын бақылап, оған ата-аналар қауымдастығын тартуды тапсырды.
Конституция күніне орай Х. Доспанова көшесіндегі тоғыз қабатты үйдегі пәтерлерді тапсыру жоспарлануда. Кезекте тұрғандар қатарынан 144 отбасы жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болады.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдың 90 жылдығына дене шынықтыру-сауықтыру кешені сыйға тартылады. Ауылда мыңнан астам адам тұрады. Жаңа кешенде баскетбол, волейбол және футбол алаңдары жабдықталады, сондай-ақ, кешен аумағын абаттандыру және шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр.
Әбілқайыр Сқақов ДСК-де үстел теннисі мен күрестен спорт секцияларын ашуды тапсырды. Ол ауылдағы дене шынықтыру кешені балалар мен жастар үшін тартылыс орталығы болып табылатынын атап өтті.
- Соңғы уақытқа дейін спорт кешендерінің құрылысы ауыл үшін ғана емес, аудан орталықтары үшін де едәуір оқиға еді, - деді облыс әкімі. - Қазір біз көпфункционалды және тірек ауылдарда ДСК салып жатырмыз. Бұл біздің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезең болуы тиіс.
Черемушки шағын ауданында шағын футбол алаңы салынғаннан кейін жергілікті балалар бос уақытын осында өткізеді. Ересектер балалардың футболды қас қарайғанша ойнайтынын айтты. Облыс әкімі өткен жылы Ақсу қаласына барған кезде тұрғындар футбол алаңын және теміржол үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салуды сұрағанын еске салды.
- Қазір көпір құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, - деді әкім. - Бұл қауіптілігі жоғары объект және құрылысшыларды мұқият іріктеу қажет.
Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының ардагерлерімен кездесу барысында жастарды тәрбиелеудегі халық даналығының маңыздылығын атап өтті.
- Аға буын жас ұрпаққа ата-бабаларымыздың тәжірибесі мен даналығын айтып отыруы керек, - деді өңір басшысы. - Біз өзіміздің түп-тұқиянымызға үңілуіміз керек.
Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Рымкеш Сламбекова облыс әкімінен №1 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Әбілқайыр Сқақов жөндеу жұмыстары облыстың білім беру мекемелерін кезең-кезеңмен қайта құру жоспарына сәйкес жүргізілетінін хабарлады. Өңір басшысы ардагерлерге туған қаласының тағдырына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев