Павлодар облысының әкімі жолаушылар тасымалының сапасын көтеруді талап етті

Павлодар облысының әкімі жолаушылар тасымалының сапасын көтеруді талап етті

Бұл туралы аймақ басшысы жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері және көктемгі егіс жұмыстарының нәтижелері талқыланған аппарат кеңесінде айтты.  

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Кашкиров өңірдің автобус паркі он алты жаңа автобуспен толықтырылғанын және олардың ішінде он автобус Павлодарға жеткізілгенін хабарлады.

- Шілде айында тағы отыз бес жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде, - деді ол. - Тамыздан қазанға дейін облыстың автобус паркі сексен жаңа көлікпен толықтыру жоспарланып отыр.

Жыл қорытындысы бойынша облыстың үш жүз ауылын тұрақты автобус қатынасымен қамту жоспарланған. Әбілқайыр Сқақов қысқа мерзімде өңірдегі жолаушылар тасымалының сапасын арттыруды талап етті. Облыс әкімі Павлодарда қоғамдық көлікті күту аралығы қашан бес минутқа дейін қысқартатынын сұрады.

Қала әкімінің айтуынша, олар «№1 автобус паркі» ЖШС-ің басшылығымен  жыл соңына дейін жүз автобус сатып алу туралы келісімге келген, оның ішінде қырық автобус Павлодарға жақын арада жеткізіледі.

- Біз тасымалдаушыларға барлық қолдау шараларын көрсетеміз, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Ең бастысы, жаңа автобустарға жүргізушілер керек. Осы проблеманы бұрыннан шешу мүмкін еді.

Аймақ басшысы жүргізушілердің жетіспеушілігін тасымалдаушы компаниялар өздері шешуі керектігін айтып, әкімдерге жағдайдың күрделілігін өз көзімен көру үшін қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді.

- Пандемияға дейін облыста бір жыл ішінде миллионға жуық жолаушы тасымалданды, - деді облыс әкімі. - Содан бері шығындар артып келеді, ал тасымалдау сапасының өсуін көріп отырған жоқпыз. Тұрғындармен кездесулерде мен міндетті түрде жолаушылар тасымалы туралы сұраймын. Қазір бұл халық үшін маңызды мәселелердің бірі. 

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы талқыланды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылғы деңгейден 89,9 мың гектарға артты. Азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында картоп, сәбіз, күнбағыс, қарақұмық, қырыққабат және пияз дақылдарының алқабы ұлғайтылды.

Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облыстағы өсімдік өсірушілерді арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілгенін, тұқымдар мен тыңайтқыштар, пестицидтер сатып алуға және суармалы жерлерге су жеткізуге жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар бөлінгенін атап өтті. Биыл көктемгі егіс жұмыстары уақытында басталып, оңтайлы мерзімде аяқталды. Облыс әкімі зиянкестер мен арамшөптерден қорғау үшін егістіктерді бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, ол жем-шөп дайындау бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев