
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Павлодар облысында 1920-1941 жылдар аралығында төрт мыңнан астам адам қуғын-сүргін құрбанына айналды, олардың көпшілігі зиялы қауым өкілдері еді. Жазықсыз құрбандардың арасында жазушы Жүсіпбек Аймауытов, журналист Қадыр Тайшықов, Кеңес Одағының режиссері, драматург, Қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы, ҚазКСР-ның тұңғыш Халық әртісі Жұмат Шанин де болды.
Сталиндік репрессиялардың саладрынан тұтастай ұлттар мен ұлыстар қудалауға ұшырады. Осы жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.
Жиынға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов сталиндік қуғын-сүргін мен ашаршылықтың жазықсыз құрбандарын еске алуға шақырды.
- Тарих жылнамасының азалы парақтарын аударып тастап, оны ұмыту мүмкін емес., - деді Әбілқайыр Сқақов. - Бұл кезең халқымыздың басына түскен нәубеттің символына айналды.
2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін мемлекеттік комиссияның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылған еді. Мемлекеттік комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады.
Бүгін облыстың барлық мешіттерінде саяси қуғын-сүргіндер мен ашаршылық құрбандарын еске алу намазы оқылды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев