Павлодар облысының әскери қызметшілеріне Отан қоорғаушылар күніне орай наградалар мен грамотплар табысталды

Павлодар облысының әскери қызметшілеріне Отан қоорғаушылар күніне орай наградалар мен грамотплар табысталды

Естай атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Өңір басшысы отыз жыл ішінде әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсібиліктің, әскери ар-намыс пен ерліктің үлгісіне айналғанын ерекше атап өтті.

Кез-келген уақытта Отанға деген сүйіспеншілік, оның тағдырына деген жауапкершілік, кез келген сәтте оны қорғауға дайын болу аса маңызды құндылықтар болып қала береді, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. – Ерлік пен табандылықтың символына айналған мерекеде барлық Отан қорғаушылар мен олардың жақындарына зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін.

Аймақ басшысы Екібастұз қаласының прокуроры Сержан Теміровты, 6679 әскери бөлімінің командирі Арман Пернекұловты, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Серік Мұстафинді, Тереңкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жарқын Нұркайдарды қызметтік борышын үздік орындағаны, жоғары кәсібилігі мен қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздік саласына қосқан үлесі үшін «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ішкі істер органдарының ардагері Бибігүл Исаеваға, Төтенше жағдай департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Алтынбек Өмірәлиев пен ҚР Ұлттық Ұланы 5512 әскери бөлімінің бас нұсқаушысы Ильсура Хайруллина қатысты.

Мен бала кезімнен әскери адам болуды армандадым, - деді подполковник Арман Пернекулов. –Сондықтан, Шымкенттегі С.Рахымов атындағы әскери мектеп-интернатын, кейін Петропавлдағы Ұлттық гвардия әскери институтын бітірген. Біздің мақсатымыз – кез-келген міндеттерді шешуге және Отанымыз – Қазақстан Республикасын қорғауға дайын патриоттарды тәрбиелеу болып табылады.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында бірқатар әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар мен И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның камералық хоры Әбілахат Еспаевтың «Бейбітшілік сақтайды» әнін шырқады. Сондай-ақ, концертте Ибрагим Ескендір, Оқушылар сарайының «Тұмар» вокалдық ансамблі, Естай атындағы Мәдениет сарайының және Р.Омаров атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы әндер мен музыкалық композициялар орындалды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев