
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Қадірлі мұсылман қауымы!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен келіп жеткен Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Ораза айт – мейірімділік пен игіліктің, бірлік пен татулықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың мерекесі.
Бұл мейрам бүкіл халықты рухани тазаруға, бір-біріне қамқорлық көрсетуге ұйытады.
Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген садақаларымызды қабыл етсін! Отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!