
Құрметті Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл бірлік пен ынтымақтың ең мейірімді әрі жарқын мерекесі.
Осы күн баршамызға достық пен бейбітшіліктің символына айналды.
Біз кең-байтақ еліміздің барлық этностарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қастерлеп, бір-бірімізге құрмет көрсете білетін халықпыз. Бұл ертеңгі күнге деген тұрақтылық пен сенім береді.
Мамыр айының керемет күнінде баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, құт-береке мен ортақ үйіміз - Қазақстанымыздың гүлденуін тілеймін.