
ҚР Президентінің Көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісінің сапары ел өңірлерінде азаматтардың көшпелі қабылдауларын ұйымдастыру жөніндегі жоспарлы іс-шараларының аясында өткізілді.
Мейманға Open Pavlodar фронт-офисінің қызметі таныстырылды. Онда «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде және электрондық форматта көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшылары азаматтарды қабылдайды.
Ернар Баспаевқа жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүкіл ел аумағында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне қосылғанынан кейін жаңа мүмкіндіктер көрсетілді. Әкімдік қызметкерлері жүйенің өтініш берушіге де, оны қарастыратын мемлекеттік органдарға да ыңғайлылығын, өтініштерді қарастырудағы мөлдірлікті қамтамасыз етудегі артықшылықтарын баяндап берді.
Әрі қарай ҚР Президентінің Көмекшісі Ақсудағы Open Akimat ғимаратын аралап, сол жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде әртүрлі сұрақтар қойылды, олардың көбі оң шешілді. Айталық, биылдың өзінде Астана 46, 47, 48 мекенжайындағы аулаларда жаңа футбол алаңы мен балалар ойын алаңы салынады.
ҚР Президенті Көмекшісінің негізгі қабылдауы облыстық әкімдікте өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар онлайн-режимде қосылу арқылы көтерілген мәселелерді тікелей талқылауға, құзыретті мемлекеттік органдар алдында тапсырмалар қоюға мүмкіндік ашылды.