Павлодар облысының әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Павлодар облысының әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Өңір басшысына денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша сауалдар қойылды. Әбілқайыр Сқақов қабылдауға келген әрбір адамның ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдады.

 

Аймақ басшысымен кездесуде «Сағып» шаруа қожалығының басшысы Төлеу Кушманова кәсіпорынның қаржылық қиындықтары бар екенін, мал басы азайғанын, шаруашылық тек арнайы тапсырыс бойынша қымыз өндіретінін  айтты. Ол қымызды сатылымға щшығару мақсатында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуды сұрады.

 

Әбілқайыр Сқақов ауыл шаруашылығы басқармасына өзара тиімді консорциум негізінде жылқы басын бере алатын инвесторды табу мәселесін шешуді тапсырды. Жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту бойынша облыс әкімі жауапты органдарға кәсіпкерге осы мәселені шешуде көмектесуге тапсырма берді.

 

Жеке дәрігерлердің қабылдауын ұзақ күту және олардың мемлекеттік емханалардағы жетіспеушілігі туралы әкімге Гүлмира Сағитова шағымданды. Елена Берет паралимпиадашыларды жарыстарға спорт клубтарының өкілдері емес, жеке көмекшілермен бірге алып жүру қажеттілігі туралы айтты.

 

Өңір басшысы құзыретті ведомстволардың басшыларына азаматтардың барлық өтініштерін дереу және сапалы түрде қарауды тапсырды. 

 

Павлодар облысы әкімінің қабылдауына +7 (7182) 66-39-96, 65-10-50 телефон нөмірлері бойынша сондай-ақ, WhatsApp мессенджері арқылы +7 702 1 661 661 жазылуға болады.