Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде «Тазалық марафонын» өткізу барысымен танысты.
Екі жүзден астам спортшы Катаев 46/1 мекен-жайындағы үйдің ауласында сенбілік ұйымдастырды. Олар жақын маңдағы бес ауланы қоқыстан, қураған жапырақтардан тазартып, орындықтарды сырлады.
Әбілқайыр Сқақов спортшыларға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, олардың бұл ісі өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі екенін атап өтті.
– Тазалық - бұл бір күндік немесе бір сағаттық жұмыс емес, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Қала тұрғындарының өздері сенбіліктерге қатысқанда көп жылдар бойы тазалығымен аты шыққан туған қаласына деген мақтаныш сезімі пайда болады.
Бұдан кейін облыс әкімі «Тандем-ПВ» ЖШС-не барып, фирма қызметкерлерінің іргелес аумақты абаттандырып жатқанын көрді. Әбілқайыр Сқақов кәсіпкерлерге әлеуметтік белсенділігі үшін алғыс айтты.
Облыстық «Жасыл Ел» штабының сарбаздары Лермонтов көшесіндегі ауланы тазалап жатыр. Жасақ командирі Русана Самекова үй тұрғындарының оларға көмек көрсеткенін айтты. Жасыл елдіктер сенбілікке қатысушыларға ыстық шай мен тәтті тағамдар ұсынды.
Ең соңында облыс әкімі Торайғыров, 36 мекен-жайындағы үйдің ауласына барды. «Buka films» ҚБ мүшелері «Дос» спорт клубының және Toraighyrov University еріктілерінің қатысуымен ауланы қоқыстан тазалады. Әбілқайыр Сқақов жастармен жүздесіп, олармен естелік суретке түсті.
Жастармен әңгімелесу барысында облыс әкімі қаланың тазалығын бір реттік шарамен емес, тұрақты түрде айналысу керектігін атап өтті. Әбілқайыр Сқақов белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.