
Облыстық әкімдіктегі жиналыста аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов бағаларды ұстау мәселесіне назар аударды. Оның пікірінше бұл шешімі кезек күттірмейтін мәселе.
- Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұру, - деп атап өтті облыс әкімі. - Біз жағдайды бақылауда ұстауымыз қажет. Бұл өте маңызды мәселе.
Әбілқайыр Сқақов ол үшін әлеуметтік дүкендерді тұрақтандыру қорынан азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы алғанда, осы жылдың алғашқы үш айында өңір экономикасы өсімін жалғастырды. Ең үздік көрсеткіштер инвестициялар, тұрғын үйді іске қосу және өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалым Мұханова хабарлады. Бірінші тоқсан ішінде өңір экономикасына 82 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 42 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, өңір бюджетіне 47,8 млрд теңге табыс түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда 9,3 пайызға артық. Салық түсімдерінің өсу қарқыны 114,1%-ды құрады.
Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға азайды. Құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сатиевтің айтуынша бұның себебі жыл басында көптеген конкурстық рәсімдердің әлі жүргізілмегендігімен байланысты. Ол облыс басшылығын сәуір айының қорытындысы бойынша құрылыс көрсеткіштері жүз пайыздық межеге жетеді деп сендірді.