
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсудың екі ірі кәсіпорнында болды.
«Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электрстанциясында өңір басшысы кәсіпорын қызметімен танысты. «ЕЭК» АҚ президенті Дүйсен Мерғалиев айтып өткендей, электрстанция тарихы 1968 жылдың 17 желтоқсанынан басталады. Сол жылы станцияның бірінші энергоблогы іске қосылды.
Әрі қарай өңір басшысы Ақсу электрстанциясының еңбек ұжымымен кездесті.
- Кез келген кәсіпорында ең маңыздысы - адамдар, ұжым, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Ұжымның тыныс-тіршілігін білу біз үшін маңызды. Ақсу электрстанциясында облыстың электр энергиясының 40 пайызы өндіріледі. Осының ар жағында сіздердің еңбектеріңіз тұр. Үйлерімізге жылу мен жарық берген сіздерге рахмет.
Әбілқайыр Сқақов «сұрақ-жауап» форматына көшуді ұсынды. Көлік тасымалы, қаланы абаттандыру мен ТҮКШ мәселелері қозғалды.
Айталық, жұмысшыларды қалалық автобустардың жетіспеушілігі алаңдатады. Осы себептен адамдар жұмыс орындарына такси жалдап баруға мәжбүр. Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсембинов осы мәселені тез арада шешіп, қосымша екі автобус бөлуге тапсырма бергенін жеткізді.
Одан бөлек, биыл Ақсуда 16 аула жөнделеді. Онда балалар алаңдары пайда болады. Энергетиктерді демалыс ұйымдастыру мәселесі де толғандырды. Мысалы, Ақсу тұрғындары жыл он екі ай жұмыс істейтін мұз айдынын салып беруді өтінді. Бұл мәселе де облыс әкімінің қолдауына ие болды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, Ақсуда корт 2023 жылға қарай бой көтереді.
Ұқсас проблемалар Ақсу ферроқорытпа зауыты - «ТНК Қазхром» АҚ» жұмысшыларын да алаңдатады. Зауыт директоры Валентин Чихичин атап өткендей, зауыт жылына 1,2 млн тонна ферроқорытпа шығарады. Өнім Ресей, Қытай, Жапония, Үндістан, Еуроодақ пен АҚШ-та сұранысқа ие. Бұл Ақсудың ең үлкен кәсіпорны - мұнда 6,5 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Жұмысшылар жаңа мектеп салуды, қалалық жағажайды ретке келтіруді өтінді. Өз кезегінде, облыс әкімі Ақсу басшылығына қаладағы мектептегі орындарға деген қажеттілік деңгейін анықтауды тапсырды.
Жаңажай мәселесі шешілуде - қала әкімі Нұрлан Дүйсембинов осы мәселені биыл шешуге уәде берді. Өзен арнасын тазалап, жағажайға құм төсеу жоспарлануда.
Ақсу тұрғындарымен әңгіме барысында Әбілқайыр Сқақов қала тұрғындарының шаһарды дамытуға атсалысуға әзірлігін көргенін атап айтты. Қазіргі кезде билік пен халық арасында жаңаша байланыс құрудың кезі, дейді әкім. Сол себепті тұрғындар белсенділік танытып, билік қарапайым халықтың қажеттіліктерін шешіп беруі тиіс.