Павлодарда жөндеу бригадаларының санын арттырып, ыстық суды өшіру мерзімдерін қысқартады

Павлодарда жөндеу бригадаларының санын арттырып, ыстық суды өшіру мерзімдерін қысқартады

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы уақыттағы жөндеу науқаны талқыланды. 

 

Гидравликалық сынақтар зақымданулардың саны мен сипатын анықтайды. Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов есепбі бойынша бұдан кейін орамішілік және күрделі жөндеу – магистральдық желілердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары басталады.

 

– 20 мамырға дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мердігер барлық қажет материалдарды сатып алды. Жаңадан 15 жөндеу бригадасы құрылды. «Павлодар жылу желілері» АҚ жүргізетін күрделі жөндеу және жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары қатар жүрген жағдайда барлық кестелер уақытында орындалады, - деген Асаин Байханов, көп қабатты үйлердің басым көпшілігінде ыстық су бір айдан артық емес уақытқа өшірілмейді деп уәде берді. .

 

Үйлердің 94%-н ыстық сумен жабдықтауға жаздың басына дейін қосуға уәде берілді. Қалғандарына келетін болсақ, үйлердің едәуір бөлігі 1,5 айдан кейін ыстық суға қосылады, 10 көпқабатты үйдің тұрғындары біраз уақыт күтуге мәжбүр болады, ал жаздың соңына дейін тек төрт үй қосылады. Мұның себебі – №31 жылу магистралінің реконструкциясы мен жылумен жабдықтау желілерінің құрылысына байланысты.

 

Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, Павлодардағы энергия көздерінде 18 бірлік жабдықты күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарланған.

 

«Павлодарэнерго» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин қаланың солтүстік бөлігінде – ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жылумен жабдықтау аймағында жөндеу жұмыстары кешіктірілмейтінін атап өтті. Жөндеу науқаны кезінде ауыстырылатын жабдықтар бар.

 

Қорытындылай келе, Әбілқайыр Сқақов жылыту маусымы барлық тараптардың өзара іс-қимылы мен қабылданып жатқан шаралардың арқасында штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті. Ендігі міндет - жөндеу науқанын белгіленген мерзімде өткізу, ол үшін барлық органдардың бірлескен үйлесімді жұмысы қажет. 

 

- Павлодар қаласының әкімі, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС - жылу желілерін гидравликалық сынауды ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде аяқтасын, ағымдағы жылдың 20 мамырына дейінгі мерзімде анықталған зақымдануларды жоюды қамтамасыз етсін, бекітілген кестеге сәйкес магистральдық желілерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін, ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін жылумен қамтамасыз ету көздерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін, - деп тапсырды облыс әкімі.

 

Сонымен бірге, тараптар Павлодарды жылумен жабдықтау проблемаларын шешу бойынша Жол картасының орындалуын, ал бейінді басқармалар мен аумақтық департаменттер энергетика кәсіпорындарын келесі кезеңдегі жылу беру маусымына дайындауды тұрақты бақылауы тиіс.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Нұрлан Алжабаев