
Облыс әкімі Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуде ғылыми прогресстің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Әбілқайыр Сқақов қазіргі кезде уаққыт пен білім басты ресурсқа айналғанын атап өтті.
Ірі шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басшылары үкіметаралық диалог мәселелерін талқылады. Абай атындағы ЖШС директоры Николай Миллер тұқымдарды әкетуге тыйым салуға байланысты егіс материалдарының бір бөлігі Омбы қаласында қалып қойғанын айтты.
- Біз келісімшарт бойынша тұқым үшін төлем жасадық, бірақ оларды алып кетуге уақыт болмады, - деді Николай Миллер. - Енді жағдай қалай өрбитінін және тұқымдарымызды елге қалай жеткізетінімізді білмей отырмыз.
Серіктестік директоры аймақ басшысынан тұқым жеткізу мәселесін шешуге көмектесуін сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов бұл мәселе ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде шешілгенін және Павлодар облысына жеткізу бойынша қиындықтар болмайтынын айтты.
- Біз бұл жағдайдан сабақ алуымыз керек, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Шекаралас аймақтан әкелінетін тұқымдарға өз елімізде балама іздеу керек
Облыс әкімі тұқымдарды өз жерімізде сұрыптап, шығаруға болатынын атап өтті. Ол шаруаларға Кемеңгер ауылындағы ҒЗИ-ң тәжірибелік станциясымен әріптестік орнатуға кеңес берді.
Ертіс шаруалары алыпсатарлардың валюта бағамының құбылуының пайдаланып, ауыл шаруашылық техникасына қажетті қосалқы бөлшектер, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай бағасын көтергеніне шағымданды.
Әбілқайыр Сқақов өзінің орынбасарына бәсекелестікті қорғау Агенттігінің өңірлік Департаментімен бірлесіп бағаның өсу себептеріне талдау жүргізуді және оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жетіспеушілігіне де назар аударды.
- Ауылдық аймақтарда жыл бойы жұмыспен қамту жоқ, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Біз механизаторлардың өзін шетелден шақыруға мәжбүрміз.
Облыс әкімі шаруаларды суармалы егіншілікті дамытуға және Ертіс өзенінің әлеуетін пайдалануға шақырды. Ол шаруа қожалықтарының басшыларына көктемгі егіс жұмыстарын сәтті бастап, мол өнім алуларын тіледі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев