
Павлодар облысының әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жиналғандарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, құт-береке мен амандық тіледі.
Облыс әкімі қоғам белсенділерінің мемлекеттік органдардың өкілдерімен үйлесімді әрекет етуінің арқасында күрделі кезеңді еңсеруге мүмкін болғанын атап өтті.
- Жаңа Қазақстанды құру нақты істерден басталуы керек, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Жетістікке жету үшін бірлік, ұйымшылдық және ортақ күш-әрекет керек.
ҚР Президентінің Жарлығымен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Қағандық» ҚБ-ің төрағасы Еркеғали Жанғазы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығының директоры Жарқынбек Амантай және «Гермес Трейд ПВ» ЖШС-ің директоры Ирина Телеш «Құрмет» орденімен марапатталды. Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің баспасөз хатшысы Константин Музалевскийге «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды. Ақсу ферроқорытпалар зауытының балқытушысы Темірхан Сағындықов, «Богатырь-Көмір» ЖШС-ің жол көліктері мен механизмдерінің баптаушысы Евгений Шарифуллин және «Әлеуметтік еріктілер орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Даяна Фарафонова «Шапағат» медалімен марапатталды.
«Әлеуметтік еріктілер орталығы» ЖҚБ-ің мүшесі Даяна Фарафонова награда алу ол үшін күтпеген оқиға болғанын, ал, еріктілер ізгі істерін шын жүректен адамдар игілігі үшін жасайтынын айтты.
- Біздің орталық тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетеді, - деді Даяна Фарафонова. - Пандемия кезінде біз азық-түлік таратып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне онлайн іс-шаралар өткізіп, жеке гигиена заттарын таратты.
Облыс әкімі қоғам өкілдері мен еріктілерге өңір билігі тұрғындардың әлеуметтік маңызды бастамаларына жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев