Павлодар облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

 ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аймақ басшысының өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Президенттік Жастар кадрлық резервінің резервшісі Дидар Ибраев тағайындалды.

Дидар Ибраев 1992 жылы Железин ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. Торайғыровтың «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Дидар Ибраев 2009 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасында жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Басқармасында қызмет етті. 2018-2020 жылдары Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Кейін Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болды. Жаңа тағайындауға дейін ол облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов әкімдік ұжымына аппараттың жаңа басшысын таныстыра отырып, оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мен кәсібилігі қойылған міндеттерді сауатты шешудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, аппарат жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа басшыға аппараттың талдау жұмысын күшейту, ахуалдық-талдау орталығымен өзара іс-қимылды жандандыру, персоналды басқару бойынша HR-стратегияны дамытуды жалғастыру тапсырылды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберінде мемлекеттік аппараттың ұтқырлығын арттыру бойынша оңтайлы шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Белгілі болғандай, бүгін облыс әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрлан Дүйсенбинов Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Нұрлан Алжабаев