

«Turkey PVL» ЖШС-і жобасының құны – 1,5 миллиард тенге, оны іске қосу 2020 жылға жоспарланып отыр. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 8 мың тонна етті құрайды. Компания бұл көрсеткіштерге фабрика ашылғаннан кейін екі жыл ішінде қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Кәсіпорынның басшысы Ербол Досыбаевтың айтуынша фабриканың қалыпты жұмысы үшін эелктр желісін тарту қажет. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес электр желісін тарту 70 миллион теңгеге түспекші.

– 2020 жылдың бюджетін қарастыратын кезде біз бұл мәселені міндетті түрде көтеретін боламыз, – деді әкім. – Сіздер қазірдің өзінде өнімді сату нарығын іздеумен айналысуларыңыз қажет.

Сонымен қатар, ауданға жұмыс сапары кезінде Болат Бақауов қарақұмық жармасы пен қарабидай ұнын өндірумен айналысатын «Зерноград» ЖШС-де болды. Зауыт өз өнімін Украина, Өбекстан және Тәжікстанға экспорттайды.

Красноармейка ауылында аймақ басшысы аудан активімен кездесті. Жиында Павлодар ауданының әкімі Жанат Шұғаев ауылдық аймақты дамыту жоспарларын таныстырды.