Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодардың әйелдер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодардың әйелдер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады

Көктемгі мереке қарсаңында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «ARUDYN` A`LEMI» салтанатты концерті өтті. Павлодарлық және қазақстандық эстрада жұлдыздары өңірдің нәзік жандылар қауымына әннен шашу шашты.

 

Мәдениет сарайының фойесінде Ертіс-Баян өңірінің танымал әйелдері тұтынған заттар қойылған көрме орналастырылды. Концерттің алдында көрермендер көптеген әндердің авторы – халық әншісі Майра Шамсутдинованың шапанын көруге мүмкіндік алды. Сонымен бірге, экспозицияда қазақтан шыққан тұңғыш әйел журналист Лязиза Серғазинаның кофе сервизі қойылды. Ол Фариза Оңғарсынова, Мұзафар Әлімбаев сынды ақындар, жазушы Қалмұқан Исабай және басқа да танымал тұлғалардың шығармашылығына әсер етті.  

 

Павлодардың тумасы, 2006 жылғы «SuperStar.kz» жобасының финалына шыққан әнші Ринат Малцагов жерлестерінің құрметіне «Мама» әнін орындады.  Талантты әнші Ғаділбек Жаңай өзінің «Есте сақта» және «Ханшайым» деген хит әндерін шырқады. Қазақ операсының танымал әншісі Азамат Жылтыркөзов симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен сазгер Арно Бабаджанянның «Благодарю тебя» әнін орындады.  Оркестрдің дирижерлік пультін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжанов басқарды. Концерт камералық хор мен «Тұмар» эстрадалық-вокалдық студиясының орындауындағы қазақ эстрадасының падишасы Шәмші Қалдаяқовтың  «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды. Анаға деген махаббатты дәріптейтін әнді Иса Байзақов ат. облыстық филармонияның солисі Серік Рысбек жеке дауыста шырқап, көрермен толы залдың ықыласына бөленді

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев